Жаңалық
ШҚО-да латын қаріпінде жазудан жарыс өтеді
![](/storage/storage/element/2021/11/20/mainphoto/F1drrywOOKt13zH2RCyrtfYT0s4Rse51zdOQI8rT.jpg?time=1700884383)
Наурыз мерекесі күні Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді.
22 наурыз күні Өскемен қаласында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық драма театрының ұймыдастыруымен «Латын графикасы – өркениет жазуы» атты акция өтеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін шараның мақсаты – латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Акцияда жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде – қазақтың қара домбырасы», – дейді ұйымдастырушылар.