ШҚТУ жазғы кампусы: Ғылым және салуатты өмір салты

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – тәжірибеге бағытталған жоғары оқу орны. Бұл мақсатты жүйелі орындау үшін студенттер Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Простор» жазғы экспедициялық кампусында практикадан өтеді.
Биылғы жазғы маусымда университеттің құрылыс, ғимараттар мен құрылыс нысандарын пайдалану, орман ресурстары және орман шаруашылығы, су ресурстары және су шаруашылығы, автокөлік жолдарын жобалау және құрылысы, құрылыс, геодезия және картография, кен ісі мамандықтарының 200 студенті «Простор» кампусында тәжірибеден өтті.
Бұдан бөлек, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ табыстаған арнайы сертификат бойынша Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті мен Павлодар педогогикалық университетінің студенттері тәжірибеден өтті. Солтүстік өңірден келген әріптестеріміз бен студенттер таңғажайып Шығыс өңірінің табиғатымен етене танысып, саяхаттарын Рахман қайнарына, өңірдің кәсіпорындарында жалғастырды. Ал Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мұражайы көрікті жерлердің кен байлығын, адамзаттың ең көне кәсібі «металлургияның» бастау қайнарымен таныстырып, қонақтарды тәнті етті.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма-Төрағасы Ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының бастамасымен мұнда түрлі бағытта, салаларда, қоғам үшін қызмет атқарып жүрген белсенді азаматтарға да демалуға мүмкіндік берілді. Сәуле Жәдігерқызы студенттермен жолығып бұқаралық спорт, қоғамдық індетке айналған нашақорлық, жемқорлықпен күрес тақырыбында ашық, еркін лекциялар ұйымдастырды.
Сондықтан, «Простор» жазғы экспедициялық кампусы тек ғылым нәрін сусындатып, білім беріп, практикалық тапсырмалар орындатумен шектелмейді. Бұл орта жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, жазғы демалыстарын ұтымды ұйымдастыруды мақсат етер ерекше орын.