Жаңалық

Шымкент: «birgemiz» қорынан 12 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді

Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15-сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.

Айта кетсек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.

Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.

Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты – СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік азқамтылған отбасыларға көмек беру.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button