Жаңалық

Шымкентте «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы өтті

Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен «Көрпе Fest» мегафестивалінің ашылуы болып өтті.

«Көрме» орталығында ұйымдастырылған шараға көпбалалы аналар және тігін тігіп, өз кәсіпкерлігін бастауға ниет білдірген 200-ден астам қыз-келіншек қатысуда. Бүгін олар көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасауды үйренеді.

Шаһарда үш күн жалғасатын шарада «Алтын сапа» премиясының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері, Республикалық ақпараттық ағарту үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзаданың ақысыз шеберлік сабақтары ұйымдастырылған.

Бүгінгі жаһандану жағдайында ежелгі ұлттық қолөнерімізді қазіргі заман талаптарына сай қайта жаңғыртудың пайдалы тұстары мол. Біріншіден, осы арқылы оның екінші тынысы ашылмақ. Екіншіден, мұндай өміршең көзқарас әйел-аналар мен қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің азаюына септігін тигізеді. Үшінші, пайдалы тұсы, қолөнерлік кәсіптің бір тармағы – көрпе-жастықтар тігіп, оны әзір тауар түрінде сауда-саттыққа шығару арқылы табыс көздерін толықтыру мүмкіндігі туады.

Фестиваль «Аманат» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button