Жаңалық
Шымкентте «Зергерлік бұйымдар – 2021» көрме-жәрмеңкесі басталды
Жәрмеңкеде еліміздегі зергерлік бұйымдарды өндіретін және сатумен айналысатын компаниялар, дүкендер, сауда орындары, жеке кәсіпкерлердің өнімдері мен жұмыстары кеңінен таныстырылып, насихатталды.
Roza gold, Aiaulym Gold, Tomiris collection, Zepter, Labro_dom, Aizado silver, Kazarhuvelir, Alem_gold.kz, Икрамжан Мұхамеджан, Әшірбек Желдібаев сияқты жәрмеңке қатысушылары өнімдерін жарнамалап қана қоймай, сатылым алаңың кеңейтті.
Халық шеберлері мен ұсталарының ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін көрсете білгені осы жәрмеңкеде тағы бір айшықталды.
Айта кетейік, аталған көрме 13 ақпанға дейін жалғасады.