Жаңалық

Шымкенттегі мәдени орындар мен қоғамдық көліктерде «Qazaq radiosy» іске қосылды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Qazaq radiosy»-на Президент Жолдауының қалай жүзеге асып жатқаны жайлы баяндады.

Айта кетейік,бұл Мұрат Дүйсенбекұлының радиоға берген алғашқы сұхбаты.

«Ресейде оқып жүрген кезде «Қазақ радиосын» тыңдап, елге деген сағынышымды басатынмын. Қазір де сол дәстүрді бұзған жоқпын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиоарнасын қосып қоюға арнайы тапсырма беріп, өзім қадағалап отырамын», – деді сұхбат барысында қала әкімі.

Бүгінде қаламыздағы барлық жоғары оқу орындары, кітапханалар, мәдени мекемелер, саябақтар мен сауда орталықтарында, Шымкент әуежайы, Теміржол вокзалы, «Самал», «Бекжан» автовокзалдарында «Qazaq Radiosy» қосылған. 120 қоғамдық көлікте дәстүрлі-классикалық аудиожазбалар ойнатылуда. Еліміздегі үшінші мегаполис ұлттың үнжариясын насихаттаудың осындай керемет үлгісін ұсынып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button