Жаңалық

Шымкенттіктер 6000-нан астам көшет отырғызды

Көктемнің бір белгісі – сенбілік.

Шымкентте қала әкімінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындарынан тұратын бірнеше топ қала көшелерін абаттандыру мақсатында ағаш отырғызып, қоғамдық жұмыста белсенділік танытты.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

– Қай кезде болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау – адамдықтың басты қасиеті. Осы орайда жалпықалалық сенбілік өткіздік. Сенбілікте барша шымкенттіктер белсенділіктерін көрсетті. Жалпы Отанымызға, қаламызға деген сүйіспеншілігі мол тұрғындар өз қолдарымен гүл түптерін қопсытып, қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарса, қаламыздың шырайына шырай қосады. Сол себепті, құрметті қайырымды қала тұрғындары, әрқайсысымыз өз ортамызды шынайы сүйіп, ұқыппен қарауға шақырамын! Мәдениет осыдан басталады.

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» халықаралық статусын иемденген қаламызды көріктендіру барысында Назарбаев даңғылы мен Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне 1 мың данадан, сондай-ақ Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 6000 данадан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Шымкенттің 50 мыңнан аса тұрғыны қатысқан сенбілікке 40 дана техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button