Жаңалық

Шымкенттіктер дәстүрлі «Наурыз Сүмалак» тағамын дайындауға кірісті

тағамын дайындауға кірісті

Самарқандтың көк тасы еріп, күн мен түннің теңесетін Наурыз мерекесінде шымкенттіктер үйді-үйінде дәстүрлі «Наурыз сүмалак» тағамын дайындауға кірісті.

Сумалак дегеніміз не? Ол қандай тағам?

Наурыз кезінде бізде наурыз көже әзірлеу дәстүрге айналған. Ал өзбек, қырғыз, иран, түрік халқында Ұлыстың ұлы күні «сумалак» деген тамақ жасайды. Ал түркімен халқы осы тағамды «семене» деп атайды.

Сүмалак жаңа өсіп шыққан бидай дәнінен жасалады. Бірақ, әркім мұны әртүрлі қоспа қосып, түрлендіреді. Сүмалакты дайындау үшін бидайдың ең жақсысы таңдалынады. Сонда тағам дәмді болып шығады. Бидайды үш кезеңдік өңдеуден өткізгеннен соң үлкен қазанға мақта майын қыздырып, оған дайын өніммен бірге бір қап ұн салады. Мысалы, 1 келі бидайға 2-3 келі ұн салынады.

Сумалак тез күйіп кететін тағам болғандықтан, оған 7 тас салынады.  Тасты жинаушылар жақсы тілектерін айтып, тасты жақсылап жуып-тазалап, қазанның ішіне тастайды. Сөйтіп, сумалак бір тәулікте піседі. Оны тұрақты түрде араластырып тұру керек. Ең бірінші жасы үлкен кісілер араластырып, бата береді. Содан кейін кім араластырса да, жақсы тілектерін айтса қабыл болады. Ал ыдысына тас түскен адамның тілегі міндетті түрде орындалады деген сенім бар.

Шымкент қаласы,

«Рухан жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button