«Шыңғыз хан» кітабы жарық көрді
Ұлы даланы мекендеген түркілер мен олардың данқты перзенттері ежелгі заманнан бері адамзат тарихына тегеурінді ықпал жасап, бүкіл Еуразия кұрлығын бір уысында ұстап, оның өркениетіне өшпес із қалдырғаны белгілі.
Қазақ халқы өзінің түбі «түркі» екенін жақсы білгенімен, сол түркілердің қайдан және қашан шыққанын біле бермейді. Оның негізгі себебі – тәуелсіздігімізді алғанға дейінгі төрт ғасырға жуық уақыттың тоқтаусыз соғыстармен өткені, отаршылдар мен Кенес үкіметі халқымызды жойып жіберуге тырысқаны, қолдан ашаршылық жасап, еліміздің зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, әліпбиімізді бірнеше рет өзгертіп, халқымыздың жады мен тарихын барынша бұрмалауға бағытталған саясат жүргізгені.
Сондықтан «Мың өліп, мың тірілген» халықтың тарих сахнасынан жоғалып кетпей, қысқа мерзімде есі мен етегін жиып, iргелі мемлекет кұрып, әлемге танылып, болашағына нық сеніммен карайтын елге айналғанына шүкіршілік етеміз. Енді, міне, егемендігіміздің арқасында, жоғалып, шашылып, ұмыт болған, сан рет бұрмаланған тарихымызды түгендеп, ондағы ақтаңдақтардың орнын толтырып, жаңғыртатын кезеңге де қолымыз жетті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев бұл мәселелерді шешуге бастамашылық жасап, өзінің «Ұлы даланың жеті кыры» атты мақаласында, халқымыздың санасын оятатын, ата-бабаларымыздың тарихына тікелей бет бұрғызатын, түркілердің адамзат еркениетіне қосқан үлесі мен орнын анықтауға арналған, «Рухани жанғырудың» жалғасы болып табылатын бағдарламасын жариялады.
Осы ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Халықаралық Түркі академиясында жарық көріп, 2018-2019 жылдары оқырманға жол тартқан Рашид ад-Дин Хамаданидің «Жамиғ ат-тауарих» (Тарихтар жинағы) мен Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар нама» (Әлемді жеңіп алушының тарихы) атты кітаптарының рөлі ерекше.
Жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде шыққан және «ортағасырлык әлем оқымыстылары мойындаған энциклопедия» ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарих» кітабында түркілер тарихы мен олардың арасынан шыққан әлем билеушісі Шыңғыз хан мен оның ұрпақтары кұрған алып империя туралы acа маңызды мәліметтер мен өте кұнды деректер келтірілген. Өкінішке карай, ол деректерді біздің халқымыз осы күнге дейін білмей келген. Оның себебі жоғарыда айтылған «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен заманның, отаршылдық пен тоталитарлық саясаттың нәтижесі екені белгілі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, саясат ғылымдарының докторы Исақұлов Ержан мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Оразбай Зәріпбай Жұманұлының «Шыңғыз хан» кітабының таныстырылымы өтті.
«Бұл кітаптар өте көлемді, ортағасырларда қалыптаскан ерекше жазба тәсілмен жазылған, онда келтірілген деректер тым көп және шашыраңқы. Сондықтан оларды бірден түсіне қою өте киын. Сонымен қатар, олардың жазылғанынан бері талай ғасыр өтті. Содан бері түркі-мұгул тайпалары да түрлі тармақтарға бөлініп, жаңа руларға айналды, жаңа атаулар алды, ал олардың кейбіреулерінің ежелгі атаулары да, өзен-көлдер мен таулардың атаулары да ұмыт болып үлгерді.
Аталған еңбектерден мәлімет алу кезінде осылардын бәрін ескеріп, маңызды деректерді іріктеп алып, ықшамдап, бір жүйеге келтіріп, олардың негізінде осы тұсаукесерге себеп болып отырган «Шыңғыз хан» атты кітап дайындадық» – деді Ержан Исақұлов.
Шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Түркі әлемінің генезисі», «Архив-2025» арнайы жобалары аясында ұйымдастырылды.
Кітапта «Ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған «Жамиғ ат-тауарихта» келтірілген деректерден басқа XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намасы» мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты туындыларынан түркі және мұғул тайпаларының пайда болған уақыттары туралы тың деректер келтірілген.
Шара «Шыңғыз хан» кітабын таныстыру арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық тарихты насихаттауды, Түркі елдері арасындағы байланысты орнату мақсатында бауырлас елдер арасындағы тарихи және мәдени құндылықтарды кеңінен танытуды мақсат етеді.
Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері де кітаптың маңыздылығы мен мазмұнына, өз тарихымызды өзіміз жазар кездің келгеніне, баба тарихтың көне беттері қайта жаңғырарына тоқталып өтті.