Жаңалық Редакция таңдауы

Сіздің онлайн-тұлғаңыз: әсер қалыптастыру психологиясы

Адамдар өзін онлайн-тұлғалауды қалай басқара алады? Өзіміз қалыптастырғымыз келетін пікірді қаншалық табысты көрсете аламыз? Басқа адамдардың электрон хаттарын оқығанда және әлеуметтік желілердегі парақшасын қарағанда, олар туралы пікір қалыптастыру үшін қандай кеңестерді жөн көреміз?

Жеке кездесулерде ақыл айтушылар аз болмайды. Негізгі мақсат – ықтимал басшыға жақсы әсер қалдыру, мемлекеттік лауазым сайлауына қатысуға мүмкіндік алу, телефон арқылы сауда жасау немесе кездесуге келісім алу болса, дұрыс пікір қалыптастыруға көмектескісі келетін кеңесшілер тіпті жоқтан бар жасайды. Жеке әңгімелесу үшін олар «сенімділігіңізді қолды қатты қысып білдіріңіз» немесе «қызығушылығын ояту үшін көзіңізді тайдырмауға тырысыңыз» деген сияқты кеңестер ұсынады. «Адамдар өзін қалай танытады және осы стратегиялар өздері түрлі аудиторияларға қалдыратын әсеріне қалай ықпал етеді?» деген мәселені зерттеуге ғалымдар біраз күш-жігерін сарп етті.

Онлайн да, басқа әдістер де нәтиже береді, әсіресе өзін-өзі ақылмен таныта алу дереу атақты адам мәртебесіне дейін асқақтатуы мүмкін. Дейв Керрол есімді аса танымал емес канадалық музыкант «United Breaks Guitars» деген музыкалы видеоны желіге қойған. Тез есте сақталатын халықтық үлгідегі ән әуежайдағы қолапайсыз жүк тасушылардың Керролдың қымбат гитарасын сындырып тастағаны, сол үшін өзінің өтемақы алмақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырағаны жайында еді. Видеоны бір күн ішінде 150 000 адам қарады, бір ай ішінде қаралым бірнеше миллионға жетті. Осы бір бейғам тәсіл Керролды квази-танымал адамдар қатарына қосты, оны топтық шараларда және жаңа кітабында клиенттермен жұмыс істеу туралы айту үшін көптеп шақыра бастады. Тіпті United өзінің оқыту бағдарламаларында әлгі видеоны пайдалануға рұқсат сұрады.

Ұятқа қалдыратын қателер тез жасалады және түзетілуі де қиын. Университет әкімшісі 40 000 студентке 1098-Т оқыту үлгісінің қағазсыз жеткізілімінен бас тартуды сұрап, электрон хат жолдады. Студенттер мекен-жайы көрсетілгендердің барлығына жауап беруге болатынын тез түсінді. Бұл жайт «replyallcalypse» («қияметтің бәріне жауап бер») деген атаумен белгілі болды. Аяқастынан күш алған студенттік орта әзіл-қалжыңды, дос көңіл пікірлерді, көмекке шақырған айғайлар мен шағымдарды бөлісе бастады, тіпті пошта жәшіктері толып кеткендіктен, «бәріне жауап бер» дегенді тоқтатуға шақырғандар да көбейді. Қате жіберген қызметкер кешірім сұрады, алайда бұл кезде бөгет кеңінен ашылып кеткен еді.

Әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде электрон хаттар арқылы онлайн қарым-қатынас жасайтын адамдардың көбі бір-бірін бұрыннан таниды, сондықтан олардың онлайн-тұлғасы біздің ол жайлы бұрыннан қалыптасқан пікірімізге қосымша ғана бола алады. Дегенмен онлайн-тұлға алғашқы әсер қалыптастыруға ерекше ықпал етеді, өйткені адамдар электрон хат немесе әлеуметтік желілер ұсынған ақпараттарға көбірек сенеді, ал жұмыс берушілер үміткерлердің жеке мәліметтерін тексереді. Интернеттегі қарым-қатынастың кейбірі желіде басталады, содан кейін басқа орталарда жалғасады. Басқалар үшін барлық қатынас ешқашан желіден аулақта болмайды, олар тіпті телефон қоңырауына да жүгінбейді. Сондықтан онлайн-тұлға дегеніңіз – өзінше бір тарих.

Бірнеше жыл бұрын ешқашан бетпе-бет кездесіп көрмеген ескі әріптесімнен электрон хат алып, өзіміздің онлайн-тұлғамызды қаншалық орайсыз қалыптастыратынымызды мойындағаным есімде. Бұл жіберушінің аты жазылған автомат қолтаңбамен бекітілген он үш беттік нәрсе еді, ішіндегі тізбекте оның есепсіз жетістіктері мен сертификаттары, академияға мүшелік тізімі және жұлдызшалармен қоршалған асқақ цитата бар болып шықты. Бірден «жою» түймесін басқым келіп кетті, бірақ оның өз онлайн-тұлғасымен күреске түсіп жатқанын есіме түсірдім. Мұндайда бәрімізде айтар ақыл аз болатыны сөзсіз. Мен хатты бастырып алып, оның сәлемін оқып шықтым.

ОНЛАЙН, ОНСТЕЙДЖ (ЖҰРТ АЛДЫНДА)

Әсерлерді басқару теориясының негізін салушы Ервиң Гоффманның ұсынысы бойынша, өзін дәл сол кездегі жағдайға сай деп есептейтін бейнеде елестету үшін әркім амал қолданғаны дұрыс. Ол әлеуметтік оқиғаны алдыңғы планда өнер көрсететін адамдары бар театр ретінде, өз аудиториясын сезініп, белгілі бір пікір қалыптастыруға тырысатын актерлер ретінде қарастырды. Олар аудиторияны күткенде, өздері бар деп білетін әлеуметтік қағидаларға бағынады немесе аудиторияны әдейілеп түрлі күйге түсіре алады: естен тандырады немесе таңдандырады. Бірақ аудиториясы жоқ кезде, артқы сахнада актер өзін басқаша ұстайды.

«Адамдар жеке проблемаларымен бетпе-бет келгенде қандай болады және олардың сөзі өздері қалыптастырғысы келетін әсерді жақсы бере ала ма?» дегенді түсіну үшін көп зерттеу жүргізілді. Бірақ бұл үдеріс интернетте қалай өріс алады?

Онлайн-өзіндік таныстырылым: қиын кезең.

Негізінен, онлайн-тұлға қалыптастыру бетпе-бет кездесуден гөрі артықшылыққа ие, өйткені адамдар өзінің желідегі профилін немесе жеке парақшасы үшін дұрыс мәтін, сурет және видео таңдауға уақыт жұмсайды. Олар мәтінді редакциялап, түзете алады, суреттерді ретуштап, нені ашу қажеттігі туралы ойластырылған шешім қабылдай алады.

Басқаша айтқанда, интернеттегі өз әсеріңізді басқару – екі төрттік ескек ескен кездегі судың қозғалысы сияқты. Әсерді басқару жиынтығында, неге екені белгісіз, шынайы күлкіңіз, ишара тілі және басқа да бейвербал сигналдар сияқты сізге көбірек таныс әдістер жоқ. Көп онлайн-ортада сіз өз мәртебеңізді жеке реттеуде жасай алғаныңыздай, тым көрнекті ете алмайсыз. Әміршіл даусыңыз басылып қалған, жіңішкере көтерілген қасыңыз көрінбейді. Өз суреттеріңіз және достарыңызбен бірге түскен фотоларыңыз, бейнероликтеріңіз онлайн-таныстырылымыңызға мазмұн қосатыны сөзсіз, алайда сіз туралы басқа адамдар қалыптастыратын пікірді басқара алатын жалғыз құрал – пернетақта ғана. Еңбекақыңызды қылғыта беретін опа-далаппен, киіммен, шаш үлгісімен және басқа да қажеттіліктермен салыстырғанда, пернетақта пікір қалыптастыру үшін бейтаныс және ыңғайсыз құрылғы болуы мүмкін.

Адамдар онлайн-әсерді басқару үшін қолданатын құралдар алаңның өнімділігіне сай кеңістікте жұмыс істейді. Мысалы,

электрон хат әншейін мәтін ғана емес, оны алушы да кез келген қолжетімді сигнал арқылы жіберуші жайлы жылдам әсер қалы птастырады. Facebook, LinkedIn және әлеуметтік желілердің басқа да сайттары суреттер, видеолар, ұнамды сайттардың сілтемесі, достардың көптеп жазылған пікірі сияқты өзін таныстыруды байыта түсуге мүмкіндік беретін құралдарды молынан ұсынады.

Онлайн-әсерді басқаруды бетпе-бет кездесуден ерекшелейтін тағы бір тәсіл – өзіңіз елестететіндей реттеу тәсілін ұсынатын жаңа құралдардың пайда болуы. Тістерін ағартып немесе бетіндегі дақтарды кетіріп, адамдар өз суреттерін жақсарта бастағанда, Adobe Photoshop бағдарламалық жасақтамасы тез арада операцияға айналып кетті. Осы функциялардың біразын қолдану қиын және жиі қателесуіңіз де мүмкін, сондықтан әуелгі қолапайсыз талпыныстарыңыз өзіңіз істегіңіз келмеген нәрсені істетіп, жаман әсер қалдыруы ғажап емес. Мысалы, LinkedIn-нің жаңа бастаған қолданушылары әрекетті өзінің байланыстар тізіміндегі бұрыннан сөйлесетіндерді LinkedIn-дегі өз желісіне көшіруден бастайды, содан кейін өз профилі мен суретін реттеуге кіріседі. Жаңа қолданушылардың білмейтін нәрсесі мынадай: белсенділік жаңартуын желіге жолдау баптауы өз-өзінен қосыла алады, сондықтан тым аз өзгерістің өзі тіркеліп отырады. Бұл кейіпкеріне айналу үшін макияж жасап жатқан актердің шешінетін бөлмесіне қосулы уеб-камера орнатқанмен бірдей.

Онлайнда өзін таныту нұсқалары әлі де кеңейіп жатыр. Мысалы, Snapchat суретті алушының ұялы телефонына жібере алады, ал сурет бірнеше секундтан кейін жоғалып кетеді, тым болмағанда, жоғалып кетуге тиіс. Vine-ды қолдана отырып, сіз достарыңызбен алмасу үшін смартфоныңыз арқылы циклды алты секундтық видео жасай аласыз. Second Life немесе Sims секілді 3D виртуал әлемдерде тұрғындар бір-бірімен қатынас жасау үшін шынайы немесе әлем-жәлем аватар жасай алады.

Онлайн-әсерді басқарудың адамдар ұмыта беретін бір ерекшелігі – оның қызметінің біразы қолданушылар үшін тегін, бірақ компаниялар жарнама немесе басқа да іскерлік шаралар арқылы табыс табады. Аз ғана адам оқитын әдемі мәтіннің онлайн-сахнаны қиынырақ ете түсетін элементтері болуы мүмкін. Facebook өзінің құпиялық саясатын жиі өзгертеді. Бір хабарламасында компания сіздің бейнеңізді жарнама үшін қолдануға құқы барын ескертеді. Бұл өзіңіз қалыптастырғыңыз келетін әсерге ықпал етуі мүмкін. Мысалы, Budweiser сырасының Facebook-тегі парақшасына өту үшін лайк бассаңыз, достарыңыз сіздің профильдегі суретіңізді осы өнімнің жаңа түрінің жанынан көреді. Жеке жағдайда Budweiser өкілі суретіңізді елейді деп тіпті ойламайтыныңыз рас. Өйткені сіз Клайдсдейл шеруіне бардыңыз, енді рұқсат сұрамай-ақ, оны хабарландыруыңызда қолданасыз.

Осы тарауда айналып соғатын бір мысал – аудиторияның өзі. Мысалы, Twitter-де сіз аз ғана қолдаушыларды туиттеймін деп ойлауыңыз мүмкін, сондықтан өз ойыңызша, парақшаңызды оларға ұнайтындай және көңілдерін көтеретіндей етіп жасайсыз. Бірақ туиттеріңіз ретуиттеле алады, сөйтіп, туитіңіз жаңа «тренд» бастап, барша Twitter әлемін қамтып кетуі ғажап емес. Абайсызда белгілі бір аудиторияның белсенділігін арттырып жіберу «қаупі», шынында да, өте зор.

Өзіндік таныстырылым стратегиясы

Гоффман атап өткендей, біздің ниетіміз өзіміз таңдаған стратегия үшін аса маңызды. Аудиторияңыз өзіңізге ұнауын, олардан үстем болуды, солардың мейіріміне шомылуды немесе өзіңізден қорқуын және сыйлауын қалауыңыз мүмкін, сөйтіп, өзіңізді таныстыру үшін мақсатыңызға жетелейтін амал таңдайсыз. Гоффман мұны «жасыру, ашу, жалған сыр шашу және қайыра ашудың ықтимал шексіз кезеңі бар ақпараттық ойын» деп атайды.

Адамдар осы амалды онлайнда қалай қолданатынын зерттей келгенде, жағдай қолданылып отырған стратегияға дәл бетпе-бет кездесудегідей әсер ететіні байқалды. Зерттеушілер әртүрлі үш әлеуметтік желі платформасын қарастырды: Facebook, көп қолданушыға арналған, бірінші жақты атқыш ойындар және FatSecret салмақ тастауды әлеуметтік қолдау қоғамдастығы. Қолданушылар Facebook-тің әлеуметтік желілер тақырыбын біріктіретінін баса көрсетті. Бірінші жақты атқыш ойынын ойнайтындар қорқыту әсерін таңдады, ал әлеуметтік қолдаудың пікірталас форумына қатысқандар көмек пен кеңесті көп сұрағандықтан, басқа платформалармен салыстырғанда көбірек өтініш жасады.

Ниет пен жағдайға қосымша ретінде, стратегия әр адамның жеке тұлға ретіндегі сипатына да байланысты. Мысалы, кейде жұмысының құрамдас бөлігі деп өтірікті де қоса отырып, өзін мейлінше сүйкімді және қоғамға қажет етіп көрсету үшін жоғары дәрежелі «өмір актерлері» өзін-өзі таныстыруды мұқият реттеп отырады. Аудиторияның ыңғайына жығыла отырып, әр сөзінің стилін өзгерте алған саясаткерді елестетіңізші. Төмен дәрежелі «өмір актерлері» әр аудиторияның пікірі қандай екеніне қатты мән берместен, аса сенімді емес таныту үлгісін көрсетеді. Жоғары дәрежелі «өмір актерлері» өзін онлайнда тым ақылды және жұғымды етіп көрсете алады.

Кейбір таныстырылымдар толықтай жалған болса да, шынайы өмірде танымал адамдары бар аудитория үшін шынайылық әсерлерді тиімді басқарудың негізгі элементі болатынын көп адам мойындайды. Олар профиль суретін әжептәуір жақсартады немесе онлайндағы мейлінше тиімдірек сипатты таңдай алады. Дегенмен тікелей алдау көп тарала қойған жоқ, ол оңай байқалуы мүмкін. Әсерлерді басқаруға арналған эксперименттік топта қатысушылар Facebook-тегі профилі жалған болып шыққан біреуді қатты әжуалаған:

D: Мен бір адамды білемін, ол орта мектепте нағыз азғын еді,

кейін өзінің Facebook парақшасында қолына қару ұстап алып не

істегенін…

E: Мен де көрдім… Соған күліп отырмын.

Біз өзіміз қалыптастырғымыз келетін әсерді басқаруға және кемелдендіруге көп күш пен уақыт жұмсаймыз. Бірақ осы үшін қаншалық жанталасатынымызды басқалар білмесе екен дейміз. Сондай-ақ біз әлеуметтік пайда туралы әсерді қолдан жасайтын құбылмалы әлеуметтік хамелеон болып көрінбеу үшін өте сақ болуға тырысамыз.

 

Интернет психологиясы

Авторы: Патрисия Уоллейс

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button