Жаңалық Редакция таңдауы

 SKILLS ENBEK: 116 мың қазақстандық оқудан өтті

Жыл басынан бері SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында 116,4 мың азамат курстардан өткені туралы сертификат алды.

Платформада жалпы 316,9 мың қазақстандық тіркелді, оның 131 мыңға жуығы 2023 жылы тіркелген.

Оқудан өткен 34 мың жұмыссыз азаматтың 12 мыңы – негізінен Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 229 курс жариялады, оның 176-сы тегін. Курстардың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар, қаржы және бухгалтерлік есеп салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы наурыздан бастап платформада қолданыстағы функционал оңтайландырылып, жаңа сервистер іске қосылғанын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button