Жаңалық

«Славута» концлагерінде қанша қазақстандық қаза болған?

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Возвращение имени» халықаралық жобасының аясында «Славута» концлагерінде тұтқында қаза болған 2000 қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Возвращение имени» халықаралық жобаның қатысушысы.

Жылдың басында «Возвращение имени» халықаралық жобаның тобы Григорий Скворцовтың жетекшілігімен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 20 000 тұтқынның аттары жазылған тізім табылып, жария етілді. «Славута» әскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дәрігерлер мен подпольщиктер нацисттерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың аттарын тізімге жазып отырған. Дәрігерді атып тастады. Оның жұмысын басқалар жалғастырды. Соның арқасында біраз жауынгердің өмірлеріне қатысты деректер сақталып қалды. Лагерь босатылған жылы (1944 ж.) тізімде 20 000 жауынгердің аты-жөні мен туыстары тұратын қалалар жиналған.

Абхазиялық әскери курсанттар көптеген жылдар бойы із-түссіз кеткен жауынгерлердің тізімімен жұмыс жасап келеді. Атқарылған ауқымды жұмыстың арқасында Абхазия Республикасының Қорғаныс министрлігінің мұрағатында «Славута» концлагерінде қаза болған 2000 қазақстандықтар туралы мәліметтер табылды.

Қазіргі таңда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне 150 жауынгердің мәліметтері берілді. Қалған 1850 жауынгерге қатысты ақпарат «Возвращение имени» жобасының тобымен реттестіріліп жақын арада жіберілуі тиіс.

«Возвращение имени» халықаралық жоба аясындағы жұмыс барысында отандастарымыздың туыстарын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары «Славута» концлагерінде тұтқында болған жауынгерлердің аттары мен өмірбаяндары тарихта және халықтың есінде мәңгі қалу керек. Барлық облыстар мен мегаполистердің жергілікті атқарушы органдарын тұтқында қаза болған жауынгерлердің туыстарын іздеу жұмыстарына жәрдем көрсетуге шақырамыз» – «AtamnynAmanaty» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

«Бұл лагердің тарихы қайғылы болғандықтан бұл тізім бізге оңаймен келген жоқ. Сондықтан БАҚ өкілдері, жауынгерлер шыққан облыстар мен қалалардағы мешіттер мен православие шіркеулері, сонымен қатар Қазақстанның военкоматтары тұтқында болған солдаттардың туыстарын іздеу акциясына қолдау көрсетеді деген үміттеміз» – «Возвращение имени» халықаралық жобаның жетекшісі Григорий Скворцов.

Барлық жиналған ақпарат www.pamyat-naroda.ru сайтына енгізіледі. Қазіргі таңда бүл бірегей ресурста бұрынғы ҚСРО мемлекеттің құрамында болған республикалардан шыққан солдаттар туралы ақпарат жиналған.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Возвращение имени» халықаралық жобаның қатысушылары Бішкек қаласындағы политехникалық университеттің студенттерімен бірлесе отырып Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан бойынша тізімдерді дайындап шығарған.

Соғыста із-түссіз кеткен жақындарыңыз болса, астында берілген байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады:

+7 776 828 45 35

+7 776 828 45 34

Байланыс:

Сайт: www.ata-amanaty.kz

Пошта: ata.amanaty@gmail.com

Instagram: @ata.amanaty

Facebook: Atamnyn Amanaty, Долгая дорога домой

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button