Жаңалық
Смартталған ағаштар отырғызылды
![](/storage/storage/element/2021/11/26/mainphoto/4flqem4pFmgneYK2vskytGEeWdOJ7QVRVLDlbJSq.jpg?time=1701385707)
Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябағында «Ecosana» сенбілігі өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.
«Ecosana» акциясы – қоршаған ортанының ластануына жол бермей, табиғатқа жанашырлықпен қарауды, жастардың экологиялық білімін арттыра отырып, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған ауқымды жоба.
Бүгінгі «Ecosana» бұған дейінгілерден өзгерек.
Сенбіліктің ерекшелігі – дендросаябаққа смартталған, QR-код арқылы анықтама беретін ағаш көшеттері отырғызылды.