Спортшылар латынша жазуға дайын – Жақсылық Үшкемпіров
Латын әліпбиіне көшу саясатын дәл уақытында жасалған дұрыс қадам. Бұл туралы Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің шебері Жақсылық Үшкемпіров хабарлады.
«Өскелең ұрпақтың әлемде орын алып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы үшін, тегіміз бір түркі тілдес халыққа бүгінгіден де жақын бола түсу үшін, қазақ спортының деңгейін әлемдік ареналарда бүгінгіден де биіктету үшін, латын қарпіне көшуіміз қажет. Бұл бүгінгі заманның талабы»,-деді Жақсылық Үшкемпіров.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет екендігін айтқан болатын. Нұрсұлтан Назарбаев аталған жұмыстың кезең-кезеңмен, сатылай жүргізілуі керек екендігін алға тартты.
Жалпы, бұл бастаманы қоғам қайраткерлері, тіл мамандары, саясаткерлер мен ғалымдардың тыңғылықты сүзгісінен өткен жаңа әліпби нұсқасын спорт қауымы да қолдап отыр.