Жаңалық

СҚО-да «Туған жер - 2017» атты тарихи-этнографиялық экспедициясы өтуде

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы бағдарламасы аясында «Туған жер – 2017» атты тарихи – этнографикалық экспедициясы өткізілуде.

«Сонымен, 8 адамнан тұратын 2 топ экспедициясы келесі елді мекендерді аралады: Костанай облысының Пресногорьковка ауылы, Солтүстік Қазақстан облысының Сәбит, Жаңажол, Новорыбинка, Петровка, Архангелка, Святодуховка, Мирное, Майбалық, Троицкое, Озерное, Казанка, Железное, Буденое, Пресновка елді мекендері. Экспедиция барысында ауыл тұрғындарымен, мектеп мұғалімдерімен және өлке танушыларымен кездесулер ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.

Атап өтер болсақ, экспедиция өзінің бастауын көне Пресногорьковка елді мекенінен алды, өлкетанушы, жазушы, туған жерін зерттеуші және тарих мұғалімі Сергей Виниченкомен кездесті. Әңгіме барысында Жамбыл ауданының аумағында болған азаматтық соғысқа қатысты көптеген қызықты, көпшілікке беймәлім фактілер айтылды.

«Есте қалған кездесудің бірі – Жаңажол ауылының жергілікті тұрғыны Сара Муздыбаевамен және Зура Калиевамен болды. Олар репрессия, тың игеру және Ұлы Отан соғысы жылдарына арнап жазған өз шығармалар жинағын экспедиция мүшелеріне ұсынды. Ал, танымал жазушы Сәбит Мұкановтың туған жері Сәбит ауылы экспедиция қатысушыларын жылы лебізбен қарсы алды. Жерлес жазушысы туралы өзінің естелігімен- Светлана Шарипова бөлісті», – деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, Жамбыл ауданындағы Новорыбинка селосына арналған экспедиция сапары аса жемісті болды. Тұрғындармен кездесу ауылдық клубында ұйымдастырылды. Экспедиция тобын Кладбинка селолық округі әкімінің м.а. Елена Тарасова, Новорыбинка орта мектебінің директоры Ақылбай Бекпаев қарсы алды. Селолық клуб меңгерушісі Нина Калыванова молдован ұлтының салт – дәстүрлері мен фольклорымен таныстырды.

Троицкое селосының жергілікті тұрғыны Валентина Поваренко музей қорына 1935 жылы кезіндегі қолдан тоқылған сүлгіні сыйлыққа тартты. Свердлов қаласының көркем өнер училищесінің түлегі,қолданбалы өнер, ағаш шебері Александр Чижмамен кездесу ұйыдастырылды.

Архангелка селосында еңбек ардагері Кузин Михаил Григорьевичпен кездесіп, туған селосының құрылуы жөніндегі тарихымен бөлісті.

1942 жылы туған Мирное селосының тұрғыны Владимир Бутенко музей қорына Преснов совхозының бірінші төрағасы, Қазақстан ССР – нің социалистік еңбек ері Федор Ларинның құжаттар жинағы мен хаттарын сыйға тартты.

Сонымен қатар, 1922 жылы туған селоның жергілікті тұрғыны Камелия Мегдеева ұжымдастыру кезінен бастап селоның құрылуы жөніндегі тарихи мәліметтермен бөлісіп, музей қорына 20 ғасырдың бас кезеңіне жататын тұрмыстық заттарды (көмірмен ысытылатын үтік, чугунок, рубель және т.б.) сыйлыққа тарту етті.

Петровка елді мекеніне сапар барысында экспедиция мүшелері Петровка селосының негізін қалағандардың ұрпағы Виктор Хоменкомен кездесті.

Жиналған материалдарды зерделей келе, Архангелка, Троицкое, Петровка, Святодуховка селоларының алғашқы тұрғындарының бірі, жергілікті тұрғындардың қонысына жақын орналасқаны туралы мәлімдеме жасауға болады. Бұған дәлел ретінде жергілікті гидронимдер: Троицкое селосындағы Ебей көлі, Петровка селосының Баян көлі, Мирное селосының Жамбай көлі, Архангелка селосының Қайран көлі себеп бола алады.

Бүгінде экспедиция сапарының барысында 50 – ден астам экспонат жиналып, 5 дәстүр тіркелді, 8 ұлттық әндер анықталды. Барлық кездесулер бейне – камерасына жазылып, музей қорын толықтырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button