СҚО мұражайларына кiру тегiн болады
Бұл қадам келушiлер мен шетелдiк туристердiң қатарын көбейтуге септiгiн тигiзбек.
СҚО мұражайларына кiру тегiн болады. Бұл жөнiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов кәсiпкерлiк және туризм басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында мәлiмдедi.
«Бiздiң мұражайлар тегiн iстеу керек. Кiру үшiн ақша алмау қажет. Бiз олардың қанша ақша табатынын бiлемiз, көп қаржы емес. Мәдениет басқармасынан нақты ұсыныстар күтемiн», — дедi Құмар Ақсақалов.
Туризм облыстың қазынасына 700 млн. теңгеден аса табыс әкелдi. Алайда, бұл жеткiлiксiз дедi өңiр басшысы. Туризмнiң дамуына бiрнеше фактор әсер етедi: инфрақұрылым, қызметтер және сапалы қызмет көрсету.
«Туристердi тарту үшiн жақсы инфрақұрылым керек. Қонақтар жақсы қонақ үйде тұрып, көңiлге қонымды дәмханаларға бару керек. Бiз қазiр қонақ үйлердi қалыпқа келтiрiп жатырмыз. Ал дәмханалар бойынша көп сұрақ бар. Көп жылдардан берi олар өзгермеген. Қазiр туристердiң талғамы өте жоғары», — өңiр басшысы.
Биыл темiр жол вокзалы да қайта жаңғыртылады. Петропавл қаласының айналасындағы демалыс орындары да талапқа сай болу қажет. Туризмнiң дамуына басты кедергi ол сапасыз жолдар. Қос туристiк аймақ — Айыртау және Қызылжар ауданындағы жолдарды жөндеуге биыл 4 млрд. теңге бөлiндi дедi облыс әкiмi. Жыл соңына дейiн бұл жұмыстар аяқталып, өңiрдегi туризмнiң дамуына серпiн бермек.