Жаңалық Редакция таңдауы

Су ресурстары министрлігінің қызметкерлері қайта даярлаудан өтеді

Су ресурстары министрлігі сала қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Су ресурстары министрлігі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмысты бастайтындығын хабарлады. Ол үшін министрлікте кадрларды даярлау мәселелерімен айналысатын ғылым департаменті құрылғандығын айтты.

Су саласы қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Тараз қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШҒЗИ) базасында және басқа да ұйымдарда өтеді деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағында су ресурстары және ирригация министрлігі жүйесінде 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Олардың барлығы өздерінің кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отыру керек. Біз су саласы үшін жаңа кадрларын даярлау және жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуге ниеттіміз. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына жаңа мамандықтарды енгізу бойынша ұсыныс әзірленіп жатыр, шетелдік жоғары оқу орындарымен қосдипломды бағдарламаларды іске қосу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button