Жаңалық

Сүйікті ісіңмен айналыс!

Ұлы Хәкім Абай бабамыз әр адамның бойында табылуы қажетті үш қасиетті айтып өткен болатын. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» – біздің бойымыздағы ең асыл қасиеттер. Адам өмірінде қандай да бір табысқа қолжеткізу үшін бұл үш қасиет міндетті түрде болуы тиіс.

Әсіресе, жүрегімізге құлақ асып, түсіне білгенде, ақылға салып, жүйелі ойлағанда, қорқыныштарға қажырлы қайратпен төтеп берген шақта ғана өмірлік жолымызды дұрыс анықтай аламыз.

Сіздің жолыңызда ақыл айтатын жандар баршылық. Олар сіз үшін таңдау жасауға ынталы болады. Бірақ, бұл – сіздің өміріңіз. Өз өміріңізді жүрегіңіз қаламайтын іске арнауға дайынсыз ба? Әрине, жоқ. Демек, бойыңыздағы барлық асыл қасиеттерді үйлестіру арқылы шынайы сүйікті ісіңізді анықтап алыңыз. Таңдау жасағаннан кейін, қатты серпінмен бастап кетіңіз. Сізді алда табысқа толы сәттер күтіп тұрғанына сенімдіміз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button