Сұлулық әлемді құтқарады
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кәсіпқой суретшілердің «Сұлулық әлемді құтқарады» атты Халықаралық симпозиумы 2019 жылғы 23-28 қыркүйек күндері аралығында Талдықорған қаласында өтеді.
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құхаттама басқармасы» ММ, «Көркемөнер галереясы» МКҚК және ҚР Суретшілер одағының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған Халықаралық Симпозиумға шетелдік суретшілер Чопуров Сабыр (Әзірбайжан), Үлепхан Түсіпхан (Қытай), Михтоджов Далер (Таджикистан), Огобаев Талант (Қырғызстан), Худайберганов Рустам (Өзбекстан), Баймуханов Геймран (Ресей), Мүләзімоғлы Санжар (Түркия), сонымен қатар Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан барлығы 25 суретші қатысады.
24 қыркүйек Симпозиумның салтанатты ашылуы, «Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық код. Ұлттық мәдениет» тақырыбында конференция жұмысы (Салтанат сарайы);
25 қыркүйек Халықаралық пленэр жұмысы (Талдықорған қаласының көрікті жерлері);
26 қыркүйек Шеберлік сабақтар (облыстық Оқушылар сарайын);
27 қыркүйек Симпозиум қатысушыларымен баспасөз конференциясы, пленэрлік жұмыстардың көрмесі, Халықаралық симпозиумның салтанатты жабылуы.