Жаңалық

Сүндет Байғожин әйгілі Рим опера театрында ән айтатын болды

Әртіс шақырту алған тыңдау кезеңіне түрлі елден келген көптеген талантты баритон-әншілер қатысты. Жеңіске үмітті үздік бестік ақтық сынға өтті. Нәтижесінде, екі жылға созылатын келісімшарт қазақстандық вокалист Сүндет Байғожинге ұсынылды. Қатаң комиссия құрамына Рим опера театрының шығармашылық басшылығы мен әйгілі опера әншілері мен ұстаздар енді.

Әділқазылар мүшесі, танымал баритон Доменико Колаянни атап өткендей, Сүндет Байғожиннің шеберлігі аты аңызға айналған миландық Ла Скала әншілерінен еш кем емес.

Керемет вокалдық қалпын көрсеткен Сүндет Байғожин В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан граф Альмавива ариясын, Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Фигаро ариясын, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындады. Қазіргі уақытта жетекші солист Ж.Бизенің «Кармен» операсындағы («Астана Операдағы» премьерасы 17, 18 және 19 қараша өтеді) тореадор Эскамильоны алғаш рет ойнауға бар күш-жігерімен дайындалуына байланысты, оның байқаудағы өнер көрсетулері Эскамильоның шумақтарын «биске» шырқауымен аяқталды.

«Мен өз елімнің патриотымын, театрымды жақсы көремін және болашақтағы барлық жетістіктерім Отаныма игілігін көрсетсе деймін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлесімді қосу мен үшін аса маңызды. Президенттің жолдауында қазақстандық өнерді әлемдік мәдени кеңістікте танымал ету, дәріптеу қажеттігі айтылған. Осы идеяның бөлігі – Еуропаның театр шыңында елінің көрнекті тұлғасы болған қазақстандықтардың есімін жазуға шақыру. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіремін, сонымен қатар әріптестерім мен театр басшылығына көрсеткен қолдаулары, артқан сенімі және отандық әрі шетелдік сахнада жарқын қойылымдар мен концерттік бағдарламаларда өнер көрсету мүмкіндігін бергені үшін рахметімді айтамын», – деді Сүндет Байғожин.

Әнші алдағы екі жылда Римде қыруар еңбек пен жұмыстың күтіп тұрғанын атап өтті.

«Өзімді жақсы жағымнан көрсетуім қажет. Осынау баға жетпес тәжірибе шығармашылық өсуіме аса маңызды. Болашақта классикалық өнер сүйер қауымды жаңа партиялармен, спектакльдермен қуантуға үміттенемін. Атақты баритон Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың арманы Еуропаның үздік сахналарында Қазақстан мәдениетін асқақтату болған еді. Пір тұтқан тұлғамның арманын іске асыруды қалаймын, себебі қазақстандық опера өнері барша әлемге танылуға әбден лайықты», – деп толықтырды солист.

Айта кетсек, Сүндет Байғожин – көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде Б.Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауының Бас жүлдесі, Италиядағы Toti dal Monte (Трэвизо қ.) халықаралық байқауының және  Arena di Verona қорының опера әншілер байқауының және т.б. сайыстардың жеңімпазы. Әртіс Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаңдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемге танымал саханаларда, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түркіменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Веронадағы Филармоника театры сахнасында Дж.Пуччинидің «Богема» операсындағы Марсель және Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсындағы Фигаро басты партияларын шеберлікпен орындады.

Рим опера театры «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұңғыш рет тарихта Еуропадағы ең атақты театрлардың біріндегі қазақстандық солист атанбақ, деп хабарлайды Ruh.kz тілшісі елордалық театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әртіс шақырту алған тыңдау кезеңіне түрлі елден келген көптеген талантты баритон-әншілер қатысты. Жеңіске үмітті үздік бестік ақтық сынға өтті. Нәтижесінде, екі жылға созылатын келісімшарт қазақстандық вокалист Сүндет Байғожинге ұсынылды. Қатаң комиссия құрамына Рим опера театрының шығармашылық басшылығы мен әйгілі опера әншілері мен ұстаздар енді.

Әділқазылар мүшесі, танымал баритон Доменико Колаянни атап өткендей, Сүндет Байғожиннің шеберлігі аты аңызға айналған миландық Ла Скала әншілерінен еш кем емес.

Керемет вокалдық қалпын көрсеткен Сүндет Байғожин В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан граф Альмавива ариясын, Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Фигаро ариясын, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындады. Қазіргі уақытта жетекші солист Ж.Бизенің «Кармен» операсындағы («Астана Операдағы» премьерасы 17, 18 және 19 қараша өтеді) тореадор Эскамильоны алғаш рет ойнауға бар күш-жігерімен дайындалуына байланысты, оның байқаудағы өнер көрсетулері Эскамильоның шумақтарын «биске» шырқауымен аяқталды.

«Мен өз елімнің патриотымын, театрымды жақсы көремін және болашақтағы барлық жетістіктерім Отаныма игілігін көрсетсе деймін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлесімді қосу мен үшін аса маңызды. Президенттің жолдауында қазақстандық өнерді әлемдік мәдени кеңістікте танымал ету, дәріптеу қажеттігі айтылған. Осы идеяның бөлігі – Еуропаның театр шыңында елінің көрнекті тұлғасы болған қазақстандықтардың есімін жазуға шақыру. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіремін, сонымен қатар әріптестерім мен театр басшылығына көрсеткен қолдаулары, артқан сенімі және отандық әрі шетелдік сахнада жарқын қойылымдар мен концерттік бағдарламаларда өнер көрсету мүмкіндігін бергені үшін рахметімді айтамын», – деді Сүндет Байғожин.

Әнші алдағы екі жылда Римде қыруар еңбек пен жұмыстың күтіп тұрғанын атап өтті.

«Өзімді жақсы жағымнан көрсетуім қажет. Осынау баға жетпес тәжірибе шығармашылық өсуіме аса маңызды. Болашақта классикалық өнер сүйер қауымды жаңа партиялармен, спектакльдермен қуантуға үміттенемін. Атақты баритон Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың арманы Еуропаның үздік сахналарында Қазақстан мәдениетін асқақтату болған еді. Пір тұтқан тұлғамның арманын іске асыруды қалаймын, себебі қазақстандық опера өнері барша әлемге танылуға әбден лайықты», – деп толықтырды солист.

Айта кетсек, Сүндет Байғожин – көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты, соның ішінде Б.Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауының Бас жүлдесі, Италиядағы Toti dal Monte (Трэвизо қ.) халықаралық байқауының және  Arena di Verona қорының опера әншілер байқауының және т.б. сайыстардың жеңімпазы. Әртіс Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаңдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемге танымал саханаларда, сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түркіменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Веронадағы Филармоника театры сахнасында Дж.Пуччинидің «Богема» операсындағы Марсель және Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсындағы Фигаро басты партияларын шеберлікпен орындады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button