Жаңалық
Сыбызғы – жалғыздықтың емі (инфографика)
Сыбызғы – кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бірінші дауыс орындаушы дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады.