Жаңалық

Таиландта демалу талаптары

Туризм және спорт министрлігнің мәліметінше, алыс-жақын шетелден келгендердің барлығы 14 күн карантинде болуы тиіс.

Дегенмен ел аумағына кіруге рұқсат етілген азаматтардың қатары әзірге көп емес. Тізімде емдік-сауықтыру турлары мен арнайы көрмелерге қатысушылар, түсірілім тобының мүшелері және еңбек мигранттары бар.

Испанияда туризм саласы тағы тұралап қалуы мүмкін. Оған екінші толқынның қаупі себеп. Бірер күн бұрын Ұлыбритания билігі Испаниядан келетіндерді екі апталық карантинге жіберу туралы шешім қабылдаған еді. Мамандардың болжамынша, бұл сырттан келетін туристер санының қысқаруына әкеледі.

Кристин Коллинз, жергілікті тұрғын

– Менің ойымша, Испания туристердің қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Сондықтан бұл шешімді құптамаймын.

Хайме Жирабер, даяшы:

– Балеар аралдарында жағдай Ұлыбританиямен салыстырғанда айтарлықтай жақсы. Сондықтан шектеуді Испания енгізуі керек.

Лондонның талаптары Испания туризміне шығын әкеледі. Қытайда жолаушылар санын арттырып, туризмді жандандыру үшін жаңа жоба іске қосылды. Жергілікті әуе компаниялары шектеусіз саяхаттауға мүмкіндік беретін билеттерді сата бастаған. Бағасы – 500 доллар. Алайда абонементті белгілі бір уақыт аралығында ғана пайдалануға болады.

Қазір мұндай қызметті 8 әуе тасымалдаушы компания ұсынып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button