Жаңалық
Редакция таңдауы
Елордада Талғат Бигелдинов құрметіне марафон өтеді
Биылғы жылдың 5 тамызында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, шабуылдаушы-ұшқыш Талғат Бигелдиновтің туғанына 101 жыл толады. Бұл күн қазақстандық әскери ұшқыштар үшін қос мереке. Себебі ҚР Әскер Әуе күштерінің 25 жылдығы батырдың туған күнімен тұспа тұс келіп отыр.

Мерейтойға орай ҚР Қорғаныс министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы 19 тамыз күні Астана қаласының Триатлон паркінде «101 жыл – 10.1. шақырым» атты марафон өткізеді.
Іс-шараға кәсіби марафоншылармен бірге әуесқой спортшылар да қатыса алады. Марфонда ең ұзақ қашықтықтан бөлек әуесқойларға арналған 4 шақырымдық қысқа қашықтық пен қатысушылардың жас шамалары да ескеріледі.
Марафон барысында қалалық шығармашылық ұжымдармен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің, ІІМ Ұлтық ұланның әскери ансамбльдері өнер көрсетіп, құрметті қарауыл ротасының жеке құрамы өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етеді. Жеңімпаздар батыр атындағы медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.