Tanda.enbek.kz-те бос жұмыс орындар бойынша тұрақты түрде өңірлік жәрмеңкелер өтеді
Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу мүмкіндігі іске асырылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Әрбір жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.
Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.
Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.
Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те әртүрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп, оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысты.
Онлайн-жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз!