Батыс Қазақстан облысы

ТАҚСАЙ КЕШЕНІ

Кешен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинный ауылдық округі аумағында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: б.д.д. VІ-V ғғ.

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 2012 жылы археологиялық барлау жұмыстарын жүргізілген кезде бес Тақсай қорған кешені табылды. Тақсай-І қорған кешенінің № 6 обасынан ақсүйек әйелдің жерленген орны ашылды. Қабірде әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, киімінің жапсырмалы әшекейлері, ерекше шошақ төбелі бас киім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша, салт-жоралғылар жасайтын заттар, тұрмыстық бұйымдар табылды.

Тақсай қорған кешенінен табылған «Алтын ханшайымды» қалпына келтіру ісімен  қазақстандық ғалым-реставратор Қырым Алтынбек бастаған мамандар айналысты. Бұл орыннан табылған материалдар мен жерлеу элементерінің конструкциясы, салт-жоралғы заттар, екі күзетшінің жерленуі әйел адамның ерекше мәртебеге ие болғанын және қоғамдағы жағдайы жоғары болғанын көрсетті. Солардың ішінде сирек ұшырасатын ғажайып тарақ – «Тақсай тарағы». Бұл жасалған мерзімі және сонау ежелгі адамдар бейнеленген көрінісі жағынан өте сирек кездесетін жәдігер болып табылады. Тарақта б.д.д. І мың жылдықтағы ірі тарихи оқиғалардың бірі, яғни Иранның ахеменидтері мен дала көшпенділері арасындағы екі дүниенің тартысы бейнеленген болуы керек.

Сілтеме: http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=145

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button