Жаңалық

Тарихымызды танудағы бетбұрысты кезең

Қиын күндер мен қилы кезеңдерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлем тарихында орны орасан кемеңгер тұлға. Халықты бақытты болашаққа жетелейтін маңызды қадамдар жасады. Шыны керек ертеңіне күмәнді, бұлыңғыр болашаққа күдігі басым көпшілік үшін «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы ертегі сынды көрінетін.

Қазақ таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келген дана дәстүрімізде көкті «жеті қат аспан», текті «жеті ата», байлығы мен мұрасын «жеті қазына», жаһанды «жеті жұрт­қа» теңейді. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген өсиетпен өскен қазақ халқына, Қазақстан жұртына Елбасымыз Ұлы дала­ның жеті қырын саралап төл тарихымызды танып білу жолында толағай толғанысын, айшықты бағыттарын ұсынды.

Тәуелсіздік алғаннан бері «Тарих толқынында», «Мәдени мұра», «Ұлы дала», «Рухани жаң­ғыру» сынды іргелі бағдарла­малар­дың соңынан жарық көр­ген аталған еңбекте тарихи санамызды қалыптастыруда батыл көзқарастар мен маңызды бағыттар орын алған. Санада сілкініс туғызып, көкіректе Ұлы даланың ұлымын, қайсар сақтың ұрпағымын деген мақтаныш сезімін оятып жүрегіңді атша тулататын мақа­ланы оқығанда түп тарихы­мыз­дың терең түкпір­леріне керемет саяхат жасағандай боламыз.

Елбасы «Жылқыны ең алғаш қазақ даласында қолға үйреткен бабаларымыз өз дәуірінде орасан үстемдікке ие болды, шаруа­шылық пен әскери саладағы тең­десіз революцияға жол ашты. Бойы­на бес қаруын асынған салт атты сарбазы бар айбарлы көш­пен­ділер дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауын­гер­дің бейнесі – батырлар зама­ны­ның ең танымал эмблема­сы. Атқа міну мәдениеті салт ат­ты жауынгердің ықшам үлгі­сін өмірге әкелді. Жұмсақ өкше­лі саптама етік, шалбардың ал­ғаш­қы нұсқасының бізде пай­да болуы, ер-тұрман мен үзең­гіні ойлап табуы ат үстінде мы­ғым отырып, қаруын еш қиы­н­­дықсыз және неғұрлым тиім­­ді қолдануына мүмкіндік берді, садақ тартуды жетілдірді, маса­ғына қауырсын қадалып метал­мен ұшталған жебе, берен сауыт­ты тесетін көбе бұзарға айналды» дейді.

«Тарихты халық жасайды» дегенмен, тарих тұлғасыз тұл. Еліміз бен жерімізді қор­ғауда ерлік көрсеткен батырлары­мызды, халқына сүйеу бол­ған ақылман абыздарымызды, рух жыршысы ақын-жырау­лары­мызды, қайраткер хандары­мыз­ды, туған халқын даму­дың биігіне сүйреген біртуар тұлға­ларымызды ұлықтау, олардың қызметін насихаттау, болашақ ұрпақ жадында жаңғыртудың тиімді жолы мен керемет үлгісін осы еңбектен көреміз.

Президентіміз мақаласы арқылы тарихшыларға Қазақ елінің көнеден бүгінге дейінгі тарихының көптомдығын шы­ғаруды міндеттейді. Жан-жақты сарапталып жазылған еңбекті түсіндіру мен насихаттаудың жүйелі жолын іске асыру бізге зор міндет. Дүние жүзі тарихына көз жүгіртіп отырсақ, бірнеше жүз жыл­ға созылған кескілескен ай­қас, қанды қырғын, сұрапыл соғыс жүргізген санаулы ғана ел бар. Соның бірі ойрат – қазақ ара­сындағы екі жүз жылдық қыр­ғын­ның ең соңғы жаңғырығы – алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен қалды. Сегіз-тоғыз атаға созылған со­ғыс­­тың жұртшылыққа қанша­ма ауыртпалық әкелгені өз алдына, жеңіс шеруіне айналған «Шаңды жорықтың» өзі өлшеусіз шы­ғын­ға түсті. Ат жалында мың­да­ған аламан қаза тапты. Шүршітке қарсы шайқастарда беті қайтпай соғысқан Жанатай батыр­дың қазасын естіген Абы­лай хан «Қайрау бермеген қара-қанжарым-ай», деп еңіреп жылапты дейді. Қашқан қалмақтың жұқанасын Жоңғарға асырып қайтар жолда көлденең індеттен батыр Баян қайтыс болады.

Баян есімі Шоқан жазбаларынан және Мағжан дастанынынан бел­гілі. Ал Жанатай батырдың ерлік тұлғасын алаш жұрты әлі толық таныған жоқ дейді Мұхтар Мағауин. Елбасымыздың «Архивтердің шаң тозаңдарының астында көміліп қалған көп тарих, ұмыт қалған ұлылар есімдері туралы айтқанда ұзақ жылдар бойы тарих сахнасынан өз орнын ала алмай келген Қожаберген жырауды айтпасақ болмас. Қазақтың қос бірдей ханы Тәуке мен Абылайдың тұсында батырлығымен көзге түсіп, «сардар», «елші», «қолбасшы», «ор­даба­сы» тіпті хан кеңесшісі атан­ған. Ол әйгілі Бұқар жырау­ға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбайға ұс­таз болған, оларға бағыт-бағ­дар беріп отырған. Оған Бұқар жы­раудың «Ғаділет ер», «Ұста­зы­ма» атты өлеңдері айғақ.

Дауылпаз бабамыздың 350 жылдығына орай арнайы ғы­лы­ми практикалық кон­фе­рен­ция өткізіп, соның нәти­же­сіне­­де көптеген белгілі ғалым­дар­дың еңбегін жинақтап кітап шығардық. Даланың қос бөрісі арасын­дағы соғыстың соңы жер бетінен жоңғар ұлысының жоғалып, қазақ халқының әлсіреуіне әке­ліп соқты. Бұдан соң басымыз­ға киіл­ген бодандық бұғауы, еркін елдің егемендік аңсаған бірнеше бұлқыныстары, бас көтерулері, аяусыз жанышталуы, темір құрсаулы кеңестік жүйенің күйреуіне жол ашқан «Желтоқсан» көтерілісі, Одақ­тың ыдырауы Тәуелсіз тарихымызбен ұштасты.

Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде біз ұялатын тарихымыз жоқ дейді. Иә, түп тарихымызда біз мақтанатын, мақтан тұтатын жеңістер мен жетістіктер жетер­лік. Бірнеше жүздіктермен-ақ сан мыңдаған жаудың құтын қа­шыр­ған жауынгерлік ерліктер қаншама. Көнеден бүгінге дейінгі тарихымызды зерделегенде тарих­шыларымыз Ұлы дала қолбас­шыларының ерекше соғыс тактикаларына да терең зерттеулер жүргізіп насихаттау міндетін де ұмытпағанымыз жөн. Сондай-ақ «Ұлы дала» ойындарын әр аймақ, әр өңірлер­де өтуін жандандырып, ұлттық спорттық және жауынгерлік ойындарды кең көлемде наси­хаттасақ жас ұрпақтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді дамытады деген ойдамын.

Ұлы даладағы үлкен тарихи оқиғалар мен қазақ батыр­ларының ерлік пен батырлық жолын насихаттау жолында Ел­басы тапсырмасын іске асыруда «Қазақ барыстарын» бір-бір батырдың образын ашатындай етіп киіндіріп, жасандырып, деректі және кино фильмдер түсірілгені үлкен нәтиже береді. Рухы күшті елді ішкі де сырт­қы да жау ала алмай­ды. Жү­ре­гінде жігері, көзінде от, көкіре­гінде намысы, басын­да ақылы бар елге қандай бас­қыншының да батылы жетпейді.

Біздің бабаларымыз сонау бағзы замандардың өзінде металл өңдеудің де қыр-сырын терең меңгеріпті. Қызғалдақ пен алманың да отаны біздің Қазақ­стан. Әлем жұртын таң­дай қақтыратын өркениеттер орта­лығын жасақтап «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялары» мұражайын ашу туралы бастаманың да маңызы зор. Елбасымыз «Біз тәуелсіз­дікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиет­ті белгілерін де ерекше қадір­леуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы» деген пікір айтып еді. Аңсап жеткен азаттығы­мыз­дың баянды болуын, Прези­дентіміздің алға қойған мақсат­тары мен міндеттерін іске асыру жолында бар күш жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл Елбасы алдындағы да, ел ал­дынд­ағы да басты парызымыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button