Жаңалық

«Тәуелсіздік көкжиегі» көрмесі өтті

Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал  суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық көрмелер мен симпозиумдарда елімізді танытып жүрген қазақстандық 30 танымал суретшінің «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрмесі өтті.

Көрме Қазақстанның бейнелеу өнерін шетелдерге насихаттап жүрген еліміздің әр аймағындағы танымал суретшілердің шығармашылығын дәріптеуді мақсат етеді.

Көрмеде суретшілердің кескіндеме, графика және мүсін жанрындағы әртүрлі техникамен орындалған 60-тан астам туынды экспозицияланды. Қылқалам шеберлері өз шығармашылығында Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен табиғатын таныстырды.

Көрмеге ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері, халықаралық кипрлық «Күміс кілт» симпозиумының және басқа да көптеген марапаттардың иегерлері, сонымен қатар шетелдік, бүкілодақтық, республикалық және облыстық көрмелердің суретшілері қатысты.

Сондай-ақ, көрме аясында «Тәуелсіз Қазақстан қоғамындағы суретшінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің өзекті мәселелері талқыланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button