Жаңалық

Тәуелсіздік күні қарсаңында қандай шаралар өтеді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде мәдениет саласында атқарылған жұмыс жайлы айтты. Сонымен қатар биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырды деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтоты Райымқұлова ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын меркелеу аясында жыл соңына дейін Мәдениет және спорт министрлігі іс асыратын жобаларды атады.

«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, іс-шаралардың көпшілігі онлайн форматта ұйымдастырып келеміз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында шілде айында 30 жаңа жоғары көркем өнер туындысын әзірлеу үшін «Елім менің» және «Тәуелсіздік толғауы» республикалық конкурсы басталады. Олардың қорытындысы Тәуелсіздік күні қарсаңында шығарылады деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 кинотуынды» жобасы аясында идеологиялық және тәрбиелік сипаттағы тарихи, көркем және анимациялық фильмдер әзірленеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында айтулы оқиғаның бірі – «Ұлы дала таңы» тарихи көркем фильмінің тұсаукесері.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісінде дәстүрге айналған «Ұлттық домбыра күні», Елорда күні қарсаңында еліміздің барлық өңіріндегі мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін «СӘЛЕМ, ЕЛОРДА!» фестивалі ұйымдастырылады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күн болмақ. Оның аясында мәдениет ұйымдарының күндері басталады, күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді»,-деді министр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button