Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақ мәдениеті Африка одағының астанасында таныстырылды
Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында БҰҰ-ның Африка елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (UNECA) алаңында алғаш рет қазақ киіз үйінің тұсаукесері болды.

Іс-шара UNECA-дағы жыл сайынғы Дипломатиялық базар аясында өтті. Тұсаукесерге Аддис-Абебадағы БҰҰ органдарының, Африка одағы комиссиясының, Эфиопияның мемлекеттік органдарының қызметкерлері, Аддис-Абебада аккредиттелген шет мемлекеттердің елшілері, сондай-ақ Африкадағы Қазақстанның Достар клубының мүшелері қатысты.
Іс-шара аясында «қамажай» және «қара жорға» қазақ халық билерінен, Абайдың поэзиялық шығармаларынан тұратын мәдени бағдарлама көрсетілген.
«Іс-шараға қатысушылардың ұлттық ою-өрнектермен, қазақ музыкалық аспаптарымен, тұрмыстық заттармен және ұлттық костюмдермен безендірілген қазақ киіз үйінің безендірілуі ерекше қызығушылық тудырды. Қонақтарға қазы, бауырсақ, жент және басқа да қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды», – деп жазылған СІМ тарақан хабарламада.