Жаңалық

Тәуелсіздік күніне орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2020 жылы 9 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған «Назарбаев моделі: стратегиялық ынтымақтастық және жаһандық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияда Қазақстанның көпвекторлы бейбітсүйгіш саясаты, Елбасының сыртқы саяси бастамаларына байланысты саяси, экономикалық, құқықтық, тарихи, мәдени, әлеуметтік және басқа да аспектілері талқыланды.

Халықаралық конференцияны іс-шараның модераторы, Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов ашып, «Қазақстан жолы: бірегей қалыптасу және үдемелі даму» тақырыбында баяндама жасады. Пленарлық бөлімде: жаңғырту үдерістеріне жан-жақты көзқарас; Қазақстанның эволюциялық жолы дамуының квинтэссенциясы болып табылатын теңгерім; жаһандық әлеуметтік-мәдени, технологиялық прогресті ұстануда көрінетін үзіліссіздік; сабақтастық; жаһандық секілді «Қазақстандық жолды» құрайтын бес негізгі санатты атап өтті.

«Қазіргі Қазақстанның дамуы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және оның қызметімен тығыз байланысты. Елбасының кемеңгерлігі мен көрегендігінің арқасында біз небір тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өттік. Тұңғыш Президентіміз ұстанған саясат Қазақстанның бүкіл әлем мойындаған өзіндік, «Қазақстандық жол» деп аталатын ерекше жолмен дамуына мүмкіндік берді», – деді Әмірхан Рахымжанов.

Айта кетейік, конференцияға Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі С.П. Ниязходжаев, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Галошфаи, Әзербайжан Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Саяси зерттеулер институтының директоры Э. Насиров, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестік бөлімінің басшысы М.Б. Жарбосынова қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button