Жаңалық Редакция таңдауы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады

«Жоба мақсаты - белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау. Іріктелген өтінімдер - бұл қатысушылардың үлкен еңбегі ғана емес, бұл олардың келешектің үміті. Біздің міндетіміз-жас қазақстандықтардың бастамаларын және олардың эксклюзивті жұмыстарына қолдау көрсету. Олардың әрқайсысы белгілі бір салалардың және тұтастай алғанда елдің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін», - деп атап өтті Аида Балаева.

14-35 жастағы қатысушылардың конкурстық өтінімдері 15-18 желтоқсан аралығында қаралды. 5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Өтінімдер 26 қыркүйек пен 26 қараша айларында қабылданды. Жалпы алғанда, 1 154 жоба қаралып, оның ішінде 85-і «Ғылым», 140- «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар» - 127, 462 – «Бизнес» және 102 - «Медиа» саласы бойынша. 238 өтінім конкурстық талапқа сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button