Жаңалық Редакция таңдауы

Театр ұжымына бес тұлпар мінгізді

Абай облысы,  Ақсуат ауданы, Екпін ауылында 150 адамдық жаңа мәдени нысан бой көтеріп, қолданысқа берілді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Жаңа өнер ошағының лентасы қиылып, сахна шымылдығы  Алматы қаласынан арнайы барған  ASSYLTAS  театрының «Арена» қойылымымен түрілді.

Су жаңа нысанның сахнасында елге танымал Дулыға Ақмолда бастаған Алмас Шаяхмет, Жанаргүл Жаныман сынды танымал әртістер өнер көрсетті. Осындай үлкен ғимараттың бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілгені, сахна төрінде республикалық деңгейдегі атақты әртістердің өнер көрсетуі ауыл тұрғындарына зор қуаныш сыйлады.

Театр ұжымына бес тұлпар мінгізді

Халықтың ықыласы ретінде Абай облысы, Ақсуат ауданы әкімі Асхат Сайдахметұлы мен жергілікті кәсіпкерлер Халық әртісі Дулыға Ақмолдаға, «Арена» спектаклінің авторы мен режиссері Бақыт Беделхан мен Елік Нұрсұлтанға, қойылымда басты рөлді сомдаған Жандарбек Садырбаев пен театр жетекшісі Рауан Оқастың астына ат мінгізіп, құрмет көрсетті.

Театр ұжымына бес тұлпар мінгізді

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button