Жаңалық
Редакция таңдауы
Теміртауда Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған өңірлік айтыс өтеді

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
26 қаңтарда Теміртау мәдениет сарайында ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Тұғыры биік Теміртау" өңірлік ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Ruh.kz.
Айтысқа жас ақындар Мұхтар Әділов, Доскей Ботпай, Еркеғали Бекболат, Нұрмұхаммед Байсүгір, Жандос Бақытұлы, Бекарыс Оспанов, Нұрсұлтан Рымбай, Жанарыс Тілеубек, Төрехан Совет, Әлихан Ерғали, Нұрлыбек Төкенов, Әлихан Сейфолла, Думан Самат қатысады.
Кештің жүргізушісі – Арқа ақындар мен жыршылар өңірлік мектебінің басшысы, белгілі айтыскер Айтбай Жұмағұлов.
Басталуы 17:00, кіру тегін.
Қосымша ақпарат алу үшін телефондар: 8-705-295-50-72, (8-7213) 91-28-64.