Жаңалық

Теңге әлемдегі ең әдемі ақшалардың қатарына кіреді

Төл теңгенің қолданысқа енгізілгеніне 27 жыл.

1993 жылы дәл осы күні ұлттық валюта теңге қолданысқа енгізілді. Соған орай, еліміздің даму көзі – теңге жайлы бірнеше мәліметпен бөліскенді жөн көрдік:

 

1. Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов ұлттық валютаны «теңге» деп атауды ұсынған;

 

2. Ұлттық валютаның авторлары: Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов және Қайролла Әбжәлелов;

 

3. Теңге алғаш Ұлыбританияда басылып шыққан;

 

4. Ең алғашқы банкноттарда әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан секілді ұлы тұлғалардың кескіні бейнеленген;

 

5. Дизайнын даярлаған авторлық топтың жетекшісі – Тимур Сүлейменов;

 

6. Теңге – дүние жүзіндегі ең реңді ақшалардың бірі. Ол үш жыл қатарынан әлемнің үздік ақшаларының қатарынан табылған;

 

7. Қазақстандық ақшаның мәтіндері екі тілде көшірілген дүние жүзіндегі жалғыз валюта;

 

8. 1997 жылы қарашаның 15 жұлдызы теңгенің туған күні және қаржыгерлер күні болып белгіленді;

 

9. Теңгенің графикалық кескіні «теңге» сөзі басталатын, транскрипциясы «т» дыбысын білдіретін, ежелгі түркі әліпбиінің символы болып табылады;

 

10. Теңге алғаш рет айналымға енген күні 1 доллар 4,75 теңге болған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button