Жаңалық
Мақала
Редакция таңдауы
Теңге туралы 5 дерек
15 қараша – Қазақстанның ұлттық валюта күні. Теңге осыдан 28 жыл бұрын, 1993 жылы айналымға енгізілді.
- «Теңге» сөзінің төркіні түріктің «денге» немесе «танга»ұсақ күміс тиындарының атауынан шыққан. Олар орта ғасырларда қолданыста болған. Орыстардың деньга атты тиынының атауы (жарты копейка) осылай пайда болған деседі.
- Қағаз ақшалардың алғашқы партиясы шетелде яғни, Англияда басылып шықты. Оларды елімізге жеткізу үшін 18 әуе рейсі қажет болған. Бірінші ұсақ ақшалар — тиындар номиналдары 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиын күйінде жасалды. Алғашқы ұсақ тиындар Германияда соғылған. 1995 жылы Қазақстанда өзінің Банкноталық фабрикасы ашылды. Тиындар үш түрлі металдан жасалады: алтын, күміс және нейзильберден.
- ҚР Ұлттық банкі айналым ақшаларынан бөлек естелік және мерейтойлық тиындар мен банкноталар шығарады.
- Теңге – бетіндегі жазулары қос тілде жазылған әлемдегі жалғыз валюта.
- Қазақстандық банкноталар үш рет қатарынан әлемдегі ең үздік банкнота ретінде танылды: 2011 жылы — 10 мың теңгелік, 2012 жылы — 5 мың теңгелік, 2013 жылы — 1000 теңгелік купюра.