Жаңалық

Тігіншіні инесі асырайды

Жас маман ұлттық кодымыздың тамыры – ұлттық өнердің насихатын жаңғыртуды міндеті санайды.

Шебердің қолы ортақ. Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – жас тігінші Шапағат Ахметова.

Шапағат күніне, кемі, 2-3 көрпеше тігеді.

Ұлттық дәстүрді дәріптеп, тігіншілікке келгеніне 5 жылдай уақыт болған.

Шапағат тігіншіліктің қыр-сырын анасынан үйреніп, ұлттық нақыштағы бұйымдарды пішу, тігу техникасын жетік меңгерген білікті маман.

Шапағаттың көрпешелері шетел азаматтарының қызығушылығын тудырған.

Қазақы дүниелерге Индонезия, Түркия, Америкадан жиі тапсырыс келеді.

Көз майын тауысып күн ұзақ көрпе тігу шыдамдылық пен ептілікті талап етеді

Әр оюдың тарихын, мағынасын білу де маңызды.

Шапағат білгенін басқа қыздарға үйретіп, шәкірт те тәрбиелеп үлгерген.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button