Жаңалық

TikTok кімнің меншігі?

АҚШ-тың Microsoft компаниясы қытайлық TikTok сервисін сатып алмақ.

Тараптар арасындағы келіссөздер қыркүйек айының 15-іне дейін аяқталуы тиіс.

Қазір TikTok қытайлық ByteDance интернет-компаниясына тиесілі. Microsoft қауіпсіздік мақсатында бұған дейін қытайлық сервисте сақталған АҚШ азаматтарының мәліметтері толық жойылады деп отыр.

Айта кетейік, 2018 жылы Қытайда пайда болған TikTok – әлемде ең жиі көшірілген қосымшалардың бірі. Жуырда Құрама Штаттары қосымшаны өз елінде бұғаттамақ болған. Өйткені пайдаланушылардың жеке дерегі шетелдік серверлерге жіберіледі деген болжам бар.

Үндістан билігі де Қытайдың 59 мобильді қосымшасын пайдаланбайтын болды. Қара тізімнің ішінде TikTok әлеуметтік желісі мен WeChat мессенджері де бар. Үнді билігі бұл бағдарламалар мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына қауіп төндіреді деген.

Айта кетейік, TikTok үшін АҚШ пен Үндістан ең ірі нарық саналады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button