Жаңалық
Редакция таңдауы
TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылды
Қазақ тілін таңдау опциясы Android және iOS құрылғыларына арналған қосымшаның кейінгі жаңартылуында пайда болған.

Платформа Tik Tok пайдаланушыларына қандай форматтағы бейнероликтерді орналастыруға болатынын және тыйым салынатынын түсіндіретін ережелерді де қазақ тіліне аударды.
TikTok қосымшасында интерфейс тілін кез келген уақытта өзгертуге болады. Тіл баптауларын өзгерту үшін:
1. Төменгі оң жақ бұрыштағы «Профиль» түймесін басыңыз.
2. Баптауларды ашу үшін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш жол белгішесін түртіңіз.
3. «Параметрлер және құпиялылық» түймесін басыңыз.
4. «Қолданба тілі» түймесін түртіңіз.
5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.