«Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауы қашан өтеді?
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» байқауы өтеді.
2020 жылы 30 қазанда сағат 15:00-де елордалық Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайынғы «Тіл – достықтың алтын көпірі»байқауы өтеді.
Мақсаты-мемлекеттік тілді үйренуді ынталандыру, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастарын қазақстандық мәдениет пен шығармашылыққа тарту, патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттау.
Байқауға Нұр-сұлтан қаласының жастар этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысады.
Байқау 3 кезең бойынша өтеді:
1) қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс;
2) «Қазақстан халқы Ассамблеясындағы этномәдени орталықтың маңыздылығы», «Тіл – достықтың көпірі» тақырыптарында бейнеролик көрсету (Үй тапсырмасы).
3) Абай Құнанбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу.
Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі!