Жаңалық Редакция таңдауы

ТМҰ аясында қол қоюға жоспарланған құжаттар жобасы бекітілді

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-мерейтойлық Саммиті қарсаңында Астанада ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: pressmfakz

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМҰ, ТүркПА және ТҮРКСОЙ Бас хатшылары, Түркі академиясының, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының, Түркі инвестициялық қорының президенттері және ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМҰ мемлекеттері басшыларының алдағы Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларын бекітті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button