Жаңалық
Редакция таңдауы
ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы басталды
Астанада Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы басталды, деп хабарлайды Ruh.kz.
Фото: pressmfakz
Іс-шара ТМҰ-ның 10-шы мерейтойлық саммиті қарсаңында өтіп жатыр.
Еске сала кетейік, биылғы Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының мерейтойлық саммитін ұйымдастыру Қазақстанның еншісінде. Ауқымды шараға ұйымға мүше мемлекеттер – Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан басшылары қатысып отыр. Сондай-ақ саммит жұмысына Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы ел ретінде келді.