Жаңалық Редакция таңдауы

ТМҰ тулары мен эмблемаларын бір үлгіге келтіру ұсынылды

Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ саммитінде айтты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: twesco.org

Шын мәнінде, түркі бірлігін дәріптеудің маңызы өте зор. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн. Бүгін өздеріңізге ұсынылған эскиздерді бірге қарап, ортақ шешім қабылдаймыз. Бұл тарихи сәт болмақ, – деді Тоқаев.

Сонымен қатар тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеу, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – парыз екенін атап өтті.

Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар.

Сондай-ақ елдеріміздің телехикаяларын, өзара насихаттау маңызды. Әсіресе, балаларға арналған анимациялық фильмдерді көбірек таратқан жөн. Бұған әлеуметтік желіні пайдалану, танымал медиа тұлғаларды жұмылдыру керек деп есептейміз. Сол арқылы жастарымызды рухани тұрғыдан жақындастыруға мүмкіндік туары сөзсіз, – деді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button