Жаңалық

«Точка» банкінің негізін қалаушы Евгения Евлютинаның жетістік құпиясы

Байлық пен мансап адам үшін бірінші орынға шықпауы қажет деп әрбір екінші адам пікір айтады. Неліктен? Өйткені, байлық пен мансап, баршылық – жетістік дәлелі, жеңімпаз белгісі. Ал жетістіктің ұшар басына шығуға әрбір адам қауқарлы емес. Не істемек керек? Әрине, алдыға айқын мақсатпен нық қадам жасау керек.

Біз бүгінге дейін әлемдік дәрежеде үлкен жетістік шыңдарын бағындырған тұлғалардың өмірлік ұстанымдары, ақыл-кеңестері, жұмыс режимі сынды біршама құнды дүниелерді сіздік назарға ұсынып келеміз. Бүгін де дәстүрлі дағдымыздан жаңылмай, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында, «Рухани жаңғыру» кезеңінде өмір сүріп жатқан азаматтарға бір пайдасы тиер деген оймен Евгения Евлютинаның жетістік құпиясын ашқалы отырмыз.

Бүгінгі жазбамыздың кейіпкеріне айналғалы отырған Евгения Евлютина кім? Ол жетістікке қалай жетті?

Евгения Евлютина – «Точка» қаржы банкінің негізін қалаушы және холакратияның басшысы. Ол өзінің осы банкті аяққа тұрғызу кезеңінде және оған дейін қандай бағыттармен жұмыс жасағанын айтады. Банк иесінің сөзіне сүйенсек, ол өзінің алтын уақытын көркем әдебиеттерді оқуға жұмсамаған және жұмыс барысында түрлі командалармен қызметтес болған.

Оның жұмыс күні қалай өтеді?

«Мен жұмыс күні ұйқыдан жұмыс уақытына бір жарым сағат қалғанда оянамын. Тұрған бойда электронды поштаны тексеремін. Артынша таңғы ас дайындап, оны өзіммен бірге ала шығамын да, кептелісте тұрғанда тамақтанып үлгеремін. Кеңсеге сағат 8-9 шамасында жетемін. Дегенмен, негізгі жұмыс күндізгі сағат екіден кейін қызады», – дейді ол.

Сонымен қатар, ол өзінің өзге де дағдыларын сөз етті. Банк басшысының айтуынша, ол әрдайым өзінің жалпы жоспарын, өзінің жүзеге асыруды қалайтын мақсаттарын және жасалуы тиіс міндеттерін қағазға түсіріп отыратынын айтады. Евгения өзінің ойға алған дүниелерін Microsoft Outlook электронды қағазына жүктесе де, оларды стикерлерге жазып, үстел үстіне жапсырып қоюдың психологиялық маңызы бар екенін айтады.

Ол өзінің кеңседен тыс көп жүрмейтінін, бірақ кеңсе ішінде онлайн-кездесулер, жиналыстар өткізіп, «Точка» нүктелері бойынша экскурсиялар жасап тұратынын, жалпы жұмыс барысында әрдайым қозғалыста болатынын алға тартады. Сонымен қатар, «Точка» банкінің басшысы жұмыс уақыты әдетте кешкі сағат 7-8 шамасында аяқталғанымен, оның барлық уақыты жұмысқа арналатынын айтады.

Евгения – басшы. Соған орай ол жеке ұйымдастырушылық қабілеті бар команданың холакратия заңдылықтарына сай жұмыс жасауын қадағалайды. Сонымен қатар, ол – велоситист. «Велоситист» дегеніміз қызмет көрсетудің жылдамдығына жауап беру деген ұғымға сәйкес келеді. Міне, оның екінші қызметі – осы.

Сондай-ақ, Евгения біршама уақыттан бері тұтынушыларға алкогольді өнім сату үшін және онлайн-кассаны пайдалану үшін лицензия алып беруге көмектесетін қызметтің жанында жүр екен. Бұл қызметті кәсіп саласында product owner деп атайды. Оның айтуынша, онлайн-касса қызметінің аясын кеңейту – негізгі мақсаттарының бірі және осы бағытқа көп уақытын жұмсайды.

«Точка» банкінің негізін қалаушы бір уақытта бірнеше қызметті қатар атқару қиынға соғатынын және сол әртүрлі бағыттың қызметіне күн сайын бейімделуге біраз уақыт кететінін тілге тиек етті. Бірақ өзіне барлық бағытты қатар атқарып отыру қажет болғандықтан, жоғарыда айтқан бейімделуге кететін уақытты азайтуға тырысатынын айтады.

Осылай деген Евгения өзінің уақытты қалай үнемдейтінін де жасыруды жөн көрмеген.

«Менің тайм-менеджментімнің негізі – компьютердегі немесе ұялы телефондағы  Outlook календары. Мен тапсырмаларды орындар алдында өзім де ішіне кіретін команданың жағдайына орайластырамын», – дейді Евгения Евлютина.

Кәсіп саласына келгісі келетін кез-келген адам тайм-менеджментті бір кісідей үйренуі шарт. Әйтпесе, кәсіпте жоспарланбай жасалған дүниелердің бәрі құлдырауға алып келеді. Сондықтан, уақытты үнемдеу мен тиімді пайдалану жолдарын қазірден бастап үйренгеніңіз жөн.

Сондай-ақ, Евгения Евлютина жетістікке жетуге қажетті дүниелерді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып атап өтеді.

Оның айтуынша, жетістікке жетуге ең бірінші кедергі болатын дүние – қорқыныш. Қорқынышы басым адамдар ешқашан тәуекел жасай алмайды. Ал жетістіктің негізгі кілттерінің бірі – тәуекелді қадам.

Міне, жоғары деңгейдегі холакратиялық ұжымның басшысының негізгі дағдылары осындай.

Егер жетістікке қол жеткізгіңіз келсе, бүгіннен бастап әрекет етіңіз.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button