Жаңалық
Редакция таңдауы
Тоқаев пен Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ақорда
Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз. Құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұл – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат. Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сапарыңыздың аталған датамен тұспа-тұс келгені өте жақсы болды. Жалпы, бүгін айтқанымдай, Сіздің сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор, – деді Президент.