Жаңалық
Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасы сыйлығы берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарлықта:
«2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы:
медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;
білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін», – деп жазылған.