Жаңалық Редакция таңдауы

ТЖ министрінің жеке құрамға арналған WhatsApp нөмірі іске қосылды

Министрмен тікелей байланыс желісі 4 қыркүйекте жұмысын бастады. Нөмер Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне арналған, деп хабарлайды ruh.kz ведомствоға сілтеме жасап.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері өз сұрақтарын + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша министрге тікелей жолдай алады.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету маңызды», делінген ТЖМ мәліметінде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button