Трактор құрастыратын қазақ қызы
«Ұлы дала тарландары» атты Елбасы кітапханасының ақпараттық жобасының кезекті кейіпкері республикалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы – Динара Шүкіжанова.
Өзінің еңбек жолын Динара Шүкіжанова Қостанай облыстық жастар қозғалысынан бастады, қысқа мерзімде ол елдің ірі ауылшаруашылық техникаларын шығаратын кәсіпорындарының бірінде топ-менеджер деңгейіне дейін көтерілді.
Динара зауытқа 24 жасында келді, баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді, біраз уақыттан кейін осында адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы атанды. Сонымен қатар, қарқынды мақсатты жұмыстың арқасында Д.Шүкіжанованың командасы кәсіпорын негізінде кешенді университет құра алды. Онда 4 мыңға жуық студент, білім алушылар мен зауыт қызметкерлері білім алды. Университетте дәнекерлеуші, автомобиль шанағын бояушы, инженерлік және графикалық дизайнер сынды мамандықтар оқытылады.
2016 жылы Динара даму жөніндегі басқарушы директор, содан кейін ауылшаруашылық техникасы компаниясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Оның еңбектегі жетістіктерінің тағы бір парасы – трактор шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұйымдастыру, бұл өз кезегінде 120 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
«2011 жылы мен зауытқа алғаш келгенде, әйелдер негізінен әкімшілік ғимаратта, бухгалтерияда, адами ресурстарда жұмыс істеді, олардың өндірістегі саны аз еді. Қазір өндіріс орнындағы әрбір төртінші қызметкер – әйел. Машина құрастыру өте күрделі және көп еңбекті қажет ететін процесс болғанына қарамастан, біздің зауыттағы нәзік жандылар өте табысты әрі өз істерінің шебері, нағыз серіктес», – деді Динара Шүкіжанова.
Қазіргі уақытта Динара нарықты кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп, келіссөздер жүргізуде. Оның тағы бір атаулы жетістігі ретінде Қазақстанда қуаттылығы 700 дананы құрайтын «Кировец» тракторларын шығаруға ат салысуы деп білеміз – бұл өз кезегінде мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрылуға мүмкіндік берді. Бұл жоба республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқауында «Өнеркәсіптік өнімдер» аталымында жеңіске жетті.
«Біздің мүмкіндігімізде шек жоқ, егер сіз өз ісіңізге сенімді болсаңыз және өз жұмысыңызды шын сүйсеңіз, онда нәтижеге қол жеткізесіз. Армандаңыз, қауіп-қатерге бой алдырмаңыз, комфорт аумағын тәрк етіп, әрдайым дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз және ешқашан, естіп тұрсыз ба, ешқашан, ешқашан берілмеңіз! Менде көбіне бәрі тығырыққа тіреліп, құрдымға кеткендей сезімде болып, әрі қарай қадамдауға ниет пен күш жоқ кездердей сезіндім, осындай сәттерде мен жәй ғана қолыма сүйікті кітабымды алып, біраз үзіліс жасаймын. Кез келген тығырықтан шығатын жол бар, бастысы заттарға тек бір призмадан қарамау керек», – деп кеңес береді қазақстандық жастарға Динара.
Елбасы кітапханасының «Ұлы дала тарландары» ақпараттық жобасының мақсаты – нақты адамдар арқылы – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалистері арқылы – табыстылық идеясын, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизм мен білімді насихаттау.
Бес жыл қатарынан Елбасы кітапханасында қазақстандық студенттер, мектеп оқушылары, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін апта сайын оқу семинары өткізіліп, онда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалистері жеке тұлға ретінде жетілу бойынша тренингтер өткізеді.