Жаңалық

Туған жердің сұлулығы гүлмен көмкерілді

ҚР Президентінің мемлекеттік үлкен маңызға ие «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақласының «Туған жер» бөлімі аясында және «Рухани жаңғыру» облыстық жобалық кеңсесінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласындағы №36 Қазыбек би атындағы мектепте «Гүлдене бер ­– Астана!» атты облыстық гүлдер фестивалі өз мәресіне жетті.

Бұл шараның мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді пайдала білуге үйретіп, табиғи заттардан бұйымдар және гүлдер композициясын жасауға бейімдеу. Яғни, іске ебі бар оқушылардың өз қолдарымен түрлі бұйымдарды жасауға, бір сөзбен айтқанда ұлы Отанға деген сүйіспеншіліктерін іспен көрсете білуге үндеу. Айтулы іс-шарада оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, табиғи заттардан бұйымдар және гүлдер композициясын жасау арқылы эстетикалық сұлулыққа баулу көзделді.

Қазылар алқасының шешімімен «Гүлдене бер – Астана!» шығармашылық көрме номинациясы бойынша Түлкібас, Мақтарал, Отырар, Сарыағаш аудандары мен Шымкент қаласының командалары жеңімпаз деп танылса, ал «Астана – Тәуелсіздік символы» атты ән байқауы номинациясы бойынша Созақ, Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Шардара аудандары және Кентау қаласының командалары жүлделі орындарға ие болды.

– Қазіргі таңда экология үлкен мәселе. Эколгияны мектептен бастап, Отанына, табиғатына сүйіспеншілікті азаматтық көзқарасын қалыптастырамыз, – деді облыстық экологиялық орталығының директоры Ұлжан Жайлауқызы.

Дүниетанымның кеңдігі, өнердің санқырылылығымен ерекшеленгендерге кеңсе техникалары табысталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button