«Туған күніңмен, Елорда!» бүлдіршіндер елорда күнімен құттықтады
«Туған күніңмен, Елорда!» бүлдіршіндер елорда күнімен құттықтады
Ағымдағы жылдың 4 шілдесі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Бала және мәдениет» жобасы аясында қаламыздың ең кішкентай тұрғындары үшін «Туған күніңмен, Елорда!» балалар мерекесі өтті.
Елорда күніне орай балалар мерекесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналған және бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі.
Осы жылы мерекелік іс-шара елордалық №35 «Ертегі», №72 «Жанарым» балабақшаларының ұжымдарымен бірлесіп, дайындалды. Бүлдіршіндер өздерінің бар шығармашылық қабілеттерін паш етті: өлеңдерін оқыды, ән айтып, би биледі. Ал көрермендердің үлкен қолдауына ие болған қойылым – сахналанған ертегілік құс Самұрық туралы аңыз болды. Балақайлар ата-аналары мен тәрбиешілеріне ғана емес Елбасы кітапханасының қызметкерлеріне де өте мол әсер қалдырды.
Мәдина Мұсатаева сіңлісі Аймерейге «жанкүйер болу үшін» келіпті. Ол отбасындағы Елорда күніне дайындықты ғаламат қойылымға дайындықпен бірдей екенін айтты.
«Елорда күні біздің Аймерей үшін оның жаңа басталған шығармашылығының кезекті кезеңі ретінде аса маңызды. Костюм, ән, би, сөздер, қозғалыс – осылардың бәрі жарты жыл бойы дайындалып, бүге-шігесіне дейін пысықталады. Меніңше, осындай жағдайды бүгін жиналып отырған балалар мен олардың ата-аналары да басынан кешірді. Өйткені, бәріміз үшін Елорда күні – сүйкімді мереке», – деді өз ойымен бөліскен Мәдина Мұсатаева.
Іс-шара қатысушыларын құттықтаған Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының канидаты Ботагөз Қайыпова жаңа буынды тәрбиелеуде балалар мерекелерінің маңыздылыған атап өтті.
«Біз балақайларымыздың сахнада өздерін ұстай алуының, отан және астана туралы өлеңдерін оқып, ән шырқауларының куәсі болдық. Сондай-ақ, олардың кенеттен туындаған техникалық кедергілерге қарамастан көрермендер алдында шығармашылықтарын жалғастыра беруді үйренгендерін де көрдік. Оларға қарап, елімізде қуатты да дарынды, келешегі мол жас қазақстандықтар өсіп келе жатқанын жақсы сезіндік. Сіздерді Елорда күнімен құттықтаймын!», – деді Б.Қайыпова құттықтау сөзінде.
№35 «Ертегі», №72 «Жанарым» балабақшаларының тәрбиешілері мен әдіскерлеріне Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжановтың атынан Алғыс хаттар тапсырылып, өнерпаз балақайларға Елорда күнін мерекелеуде белсенділік танытқандары үшін сыйлықтар таратылды.
«Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ