Жаңалық

Тұр! Ойыңды жүзеге асыр!

Ұйқы – физикалық қажеттілік болғанымен, адамды жалқаулыққа жетелейтін бірінші фактор. Өмір ұйқыны қандыру үшін тым қысқа. Сондықтан, ертерек ояныңыз!

Әркімнің көкейінде жүрген және ойында «жүзеге асырсам ғой, шіркін» деп армандайтын бір мақсаты болады. Ол мақсатқа қол созсаңыз жетеріңізді біліңіз. Тек қана еңбек ете білу керек.

Сіз кімсіз? Сіз осы уақытқа дейін қандай жетістікке жеттіңіз?

Осы сауалдарды өзіңізге қойып, тереңінен ойлана алсаңыз, орыныңыздан қалай тұрғаныңызды білмей қаласыз. Жалқаулықтан таяқ жеп барып бас көтергенге қарағанда, өз еркіңмен, ерік-жігеріңді іске қосып алдыға ұмтылғанның пайдалы екенін біліңіз!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button